Батыс Қазақстандағы өзенде 20-ға жуық киік қырылып қалды
instagram/bukenov_aibolat
Видео Қазталов ауданы, Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысындағы өзенде мұзға қатып, 20-ға жуық киік қырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жануарлардың видеосын блогер Айболат Бөкенов Facebook және Instagram-парақшаларында жариялады. Видео Қазталов ауданы, Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген.
Қазталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев ақбөкендер шынымен де өзеннен өтпек болғанда су қоймасында қырылып қалғанын айтты. Жануарлар суға түсіп, одан шыға алмай қалған.
"Мұз өте қалың. Қазір бұл жерде "Охотзоопром" және Бөкейорда табиғи резерваты қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жануарлар өлексесін мұздан кесіп алады. Осыдан кейін акт жасалып, олар жойылады", - деді әкім.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33