Шымкентте тұрмыстық техника дүкені мен қойма өртенді

дереккөзден
дереккөзден
Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте тұрыстық техника дүкені мен қойма өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төлеби көшесінде орналасқан «Темірлан» тұрмыстық техника дүкенінің шатыры мен оған жапсарлас соғылған қойма жанып кетті. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.

«Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Сондай-ақ 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызмет бригадасы 6 техникамен судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етті. Психолог мамандар халыққа көмек көрсетті. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері белгіленеді», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Новости партнеров