Қостанай облысында ғибадатхана өртенді
Жалын 200 шаршы метр аумаққа шарпыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысының Лисаков қаласында екі қабатты ғибадатханадан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«Сағат 13:57-де «101» пультіне екі қабатты «Дұға жасау үйі» өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру көлігі сағат 14:00-де келгенде ғимараттың шатыры жанып жатқан, 14:46-да тілсіз жау оқшауланды», - деп хабарлады ведомство.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт екі сағаттан кейін сөндірілген. Жалын 200 шаршы метр аумаққа шарпыды.
Өртті сөндіруге Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен үш техникасы, «Өркен» ерікті өртке қарсы құрамасының бес қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30