Петропавлда көп қабатты үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті
дереккөзден
Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавлда бес қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, иіс тиіп уланған екі әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы және 3 арнайы көлігі мен жеке құрамнан 21 адам жетті. Олар бірден іске кірісіп, өрт шыққан ғимараттан тұрғындарды шығарды.
Дәрігерлер зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туылғандар) орташа ауырлық деңгейінде екенін айтады.
Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25