Шығыс Қазақстан облысының Путинцево ауылында бүтін бір отбасы тілсіз жаудан зардап шекті. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері мен көршілер шақырған, деп хабарлайды 24.kz.
Өрт сөндірушілер келген кезде үй түгелімен отқа оранған. Алаулаған жалынмен алысып жүріп көршілер отбасының төрт мүшесін өрттен алып шыққан.
Олар: 62 жастағы және 35 жастағы екі әйел мен 14 жастағы қызжәне 4 жасар ер бала. Ал 1965 жылғы ер адамның денесі үйінді астынан табылған.
Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы аумағы 64 шаршы метрді алған өртті толығымен сөндіруге бес сағат кеткен.
Мамандардың айтуынша, өрттің себебі электр желісінің істен шыққандығынан болуы мүмкін.