Тұрмысы төмен болмаған: Бес баласы көз жұмған астаналық жанұя туралы не білеміз?

nur.kz
nur.kz
Бес баланың екеуі 4 және 6 сынып оқыса, 2016 жылы туған тағы бір бүлдіршін балабақшаға барған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана әкімдігіндегі брифингте бір түнде бес бірдей қызынан айырылған отбасының жағдайы төмен болмағаны айтылды. Жанұяның отағасы көлік жөндеу орталығында монтаждаушы болып жұмыс істесе, анасы пластикалық карта зауытында еңбек еткен. Олар көпбалалы жанұя ретінде жәрдемақы алған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бес баланың екеуі 4 және 6 сынып оқыса, 2016 жылы туған тағы бір бүлдіршін балабақшаға барған. Педагогтардың айтуынша, балалар сабақтан қалмаған және жақсы киінген. Сондай-ақ, қатарластарымен дұрыс қарым-қатынаста болыпты.

Ең кішкентай екі қыз балабақшаға бармаған. Олардың біреуі кезекте тұрса, 2018 жылы туған үшінші қыз екі жасқа толған соң ғана бару керек болған екен.

Анықталғандай, жанұя Астанада 10 жылға жуық уақыт тұрған.

«Мектеп тарапынан мемлекеттік демеушілік көмек ретінде жанұяға қолдау көрсетілді. Астана әкімі қаза тапқан балалалардың жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Ол жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен материалдық көмек көрсетуге дайын», -деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі небәрі үш айлық сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген.


Новости партнеров