Алматы облысында Lexus көлігі бес оқушыны қағып кетті
tengrinews.kz
Олар ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"25 қазанда сағат 19:50 шамасында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция қызметкерлері.
Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.
Қазір іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54