Елордада карантин кезінде дүкендер, дәмханалар жұмыс істеген

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада дүкендер, мейрамханалар мен жалға беру кеңселері карантин кезінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Тексеру кезінде 11 тамыз күні түнде Ерімбетов көшесінде «Шашлык» және «Белый дом» дәмханалары жұмыс істегені анықталды.

Полиция, эпидемиологтер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған мобильді топ келген кезде мекемеде 11 клиент болды. 

Сондай-ақ Балқантау көшесіндегі «Кентау», Сарыарқа даңғылындағы «Асқар» дүкендерінің түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бас санитарлық дәрігердің шешімін бұзғаны анықталды. 

Сонымен қатар, күндізгі тексеру кезінде Достық көшесіндегі «Карима» мейрамханасында келушілер әлеуметтік қашықтық сақтамағаны белгілі болды. Сондай-ақ балалар ойыншық көлігін жалға беру, саябақтың бірінде балмұздақ сатылған. «Барлық бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 заң бұзушылық тіркелді, олардың 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері»,– деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Новости партнеров