Алматылық әйел байқамай өз үйі мен көлігін өртеп жіберді

16.08.2019 14:30

Зейнеткер ауладағы қоқысты өртемек болыпты

Қоқысты өртегісі келген алматылық әйел байқамай өз үйін, көлігін және көршінің гаражын өртеп жіберді, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдай Шухов көшесінде болған. Зейнеткер ауладағы қоқысты өртемек болыпты. Кейін от үйдің кіреберісі мен қоршауына тиген.

Салдарынан үй, аулада тұрған автокөлік пен көршінің гаражы өртенген. Сондай-ақ көрші үйдің қасбеті мен шатырына да от тиген.  

Екі ит тірідей өртеніп кеткен. Адамдар зардап шеккен жоқ.