Жолда жарыс ұйымдастырған екі көліктің кесірінен Құлжа трассасында жаппай апат болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.
Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Golf және ВАЗ-2109 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.
Golf жүргізушісінің сөзіне қарағанда, екі автокөлік – ВАЗ-21099 және басқа шетелдік көлік жарысқан. Гүлдала елді мекеніне жетпей, иномарка жолдың қарсы бетіне шығып, Golf-ті басып озған. Ал ВАЗ-2109 оң жақ жолақта келе жатып, Golf-ті басып озғысы келген, бірақ оның алдында көлік келе жатады, содан жүргізуші маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, шұғыл сол қатардағы жолға бұрылады.
Ол Golf-ті соққан, содан кейін көлік қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, Құлжа трассасымен оңтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant-қа бар жылдамдықпен соқтығысқан.
Қатты соққыдан Mitsubishi көлігі бірнеше ондаған метрге ұшып түсіп, ағашқа соғылғаннан кейін ғана тоқтаған.
Жол апаты салдарынан үш адам, жүргізуші мен Mitsubishi көлігіндегі екі жолаушы, оның ішінде бір жасар бала зардап шекті.
Жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, олардың барлығы ауруханаға жатудан бас тартып, оқиға болған жерде қалды.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.