Алматы маңында жер сілкінді

17.05.2021 14:32

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 352 шақырым қашықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,3. MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 15 шақырым», – делінген хабарламада. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.