Қаза тапқандар бар: Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

09.06.2022 14:32

Автобуста зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз

ашық дереккөз

Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 8 маусым сағат 18:30 шамасында болған. Жәңгір хан көшесі мен Исатай мен Махамбет ескерткішінің арасында №7 бағыттағы автобус пен "Лада Калина" көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында  жеңіл көліктің 18 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 18.48-де шақырылды. 

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтыруынша, оқиға орнына құтқарушылар да барды. Олар жеңіл автокөлікте қыстырылып қалған марқұм жүргізушінің мүрдесын шығарды.

Ал автобуста зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз.