|
16.04.2024 | 09:32
1730

Петропавлда полиция қала көшелерін қайықпен патрульдеуге көшті

Қазіргі уақытта тонау қылмысы тіркелген жоқ

Петропавлда полиция қала көшелерін қайықпен патрульдеуге көшті   YouTube/ Polisia.kz

Петропавлда полиция қала көшелерін қайықпен патрульдеуге көшті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда қалалық және облыстық полиция қызметкерлері су басқан Ойқала шағынауданын тәулік бойы патрульдеп жүр. Петропавл қалалық ПБ бастығы Марат Жұмалиевтың айтуынша, тек осы аудан ғана емес, су астында қалған көшелер де жіті бақылауда. Тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы органдар ұсынған моторлы қайықтарға мініп кезекшілік атқарып жүр.

Су бетінде қалқып жүрген қоршаулар мен жиһаздардың сынығы қайықтың түбіне тиіп, қозғалтқышқа зақым келтіруі мүмкін. Қатты ағыс та қозғалысты қиындатады. Полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері адамдар қалдырған мүлік қолды болмас үшін күні-түні қала көшелерінде тәртіпті қадағалап жүр, қажет болған жағдайда адамдар мен жануарларды эвакуациялау үшін көмектесуге дайын. Қазіргі уақытта тонау қылмысы тіркелген жоқ.

Оқи отырыңыз: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир