634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған кәсіпкер сотталды
azh.kz
Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, іс жүзінде жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айыпталушы мүліктік пайда табу мақсатында заңсыз әрекет арқылы жалпы сомасы 634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып, қолма-қол ақшаға айналдыру барысында, қылмыс үстінде ұсталды. Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45