Алматыда жеке тұрғын үй мен үш көлік өртке оранды (видео)
«Тау самалы» шағынауданында таңға жуық жойқын өрт болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының «Тау самалы» шағынауданындағы жеке секторда өрт болды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, жеке тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық қора-жай, екі микроавтобус пен бір жеңіл көлік өртеніп жатты. Микроавтобустардың түгі қалмай жанып кеткен.
Өртену аумағы 150 шаршы метр болды. Өрт сөндіру жасағы дер кезінде келгендіктен, жақын маңда орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.
Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап, шығынды есептеуі тиіс.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51