57 адам құтқарылды: Алматы орталығында қонақүй өртенді

tripadvisor.com
tripadvisor.com
Құрбан болғандар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы орталығындағы жанып жатқан қонақүйден 57 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 22:21-де «Hotel Plaza Almaty» қонақүйінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. ТЖД бастығы полковник Руслан Қасыбаев пен ТЖД күш-құралы Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесі, 270/120 мекенжайына шұғыл шыққан.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, 6 қабатты қонақүйдің астыңғы қабатында орналасқан саунаның өртеніп жатқаны анықталды. Ғимараттың барлық қабатына қатты түтін тарап, адамдар өміріне қауіп төндірген. Олар терезе арқылы жанұшыра көмек сұраған», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Қабылданған жедел шаралар арқылы 57 адам құтқарылды. Құрбан болғандар жоқ.

Өрт сағат 23:25-те ауыздықталып, сағат 23:44-те толық сөндірілді.



Новости партнеров