Қызыл жалын 35 шаршы метрді шарпыған
Орал қаласында сайжай аумағындағы өртенген үйдің орнынан ер адамның, әйел адамның және бір баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«27 қыркүйек күні сағат 02:46-да өртке қарсы қызмет диспетчеріне Орал қаласының «Толқын» бау-бақша серіктестігінің аумағынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте саяжай үйі өртеніп жатқан», - делінген хабарламада.
Қызыл жалын 35 шаршы метрді шарпыған. Өрт толықтай сағат 06:15-де сөндірілді. Сол жерден үш адамның денесі табылды. Олардың бірі 1961 жылғы ер адам, ал әйел мен баланың кім екені анықталып жатыр.
Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам және Батыс Қазақстан облысы ТЖД 4 техникасы жұмылдырылды.