Арқалық-Торғай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
polisia.kz
9 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Арқалық-Торғай тасжолында бес көлік соқтығысты. Бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 3 қаңтарда сағат 14.03-те болған. Toyota жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан бес көлік соқтығысқан.
"Toyota көлігі алдымен Nissan автокөлігімен одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Жол апатынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта соталды тергеу басталып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59