|
16.09.2020 | 09:40
1045

Петропавлда тұрғындардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Ер адам жұмыс берушінің атын жамылып, онлайн-несие алу үшін адамдардың жеке деректерін біліп алған

Петропавлда тұрғындардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды polisia.kz

Ер адам жұмыс берушінің атын жамылып, онлайн-несие алу үшін солтүстікқазақстандықтардың жеке деректерін біліп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері облыс орталығының тұрғындарының атына ресімдеген 30 жастағы қылмыскерді ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу барысында алдауға бұрын сотталған қалалықтың алдауына түскендердің нақты санының қанша болғанын анықтау қажет. Қазір ұсталған адам қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол интернет-ресурста әртүрлі танымал сайттарына жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар орналастырған. Ол қоңырау шалушыларға жеке деректерін, оның ішінде карта нөмірін көрсетуі керек болатын келісімшартты толтыруды ұсынған. Алынған ақпараттың көмегімен ол несие алу үшін әр түрлі шағын несиелік ұйымдарға жүгінген. Несиелік қаражат оларды пайдаланатындардың карточкаларына аударылған кезде, ол ақшаны өзінің болашақ қызметкерлерін алдау үшін әртүрлі оқиғалар ойлап тапқан. Мысалы, алаяқ өзінің жұмыстан шығарылған қызметкеріне есепшоты болмағандықтан ақша аудара алмайтынын айтқан. Осылайша, ол карточка иелерінен есепшоттағы ақшаны киви-әмиянға аударуды сұраған. Аударылған қаражат 160-тан 220 мыңға дейінгі соманы құраған.

«Онлайн-несиеге қатысты осындай фактілер бұрын да тіркелген. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, бірақ адамдар өздерінің дербес мәліметтерін ұсына отырып, алаяқтардың қармағына түсе береді. Олар төлемдер бойынша берешектің болуы туралы хабарлама ала бастаған кезде ғана несиенің ресімделгені туралы біледі. Осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін телефон, интернет-ресурстар арқылы кез келген мәліметтерді ұсынбаған абзал. Мұндай алаяқтық операциялардың негізгі құралы, фактілер көрсеткендей, сіздің картаңыздан үшінші тұлғаның шотына ақша аудару болып табылады. Бұл қандай жағдай болса да жол берілмеуі тиіс», – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы Жандос Мұхатов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир