Алматы облысында өзгенің көлігін ұрлап мінген ер адам ұсталды

16.09.2020 21:04

Ұсталған ер азамат бұған дейін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды

Кадр из видео

Алматы-Бішкек тас жолында удай мас жүргізуші полицейлерді біраз әбігерге түсірді. Спирттің буымен рөлге отырған Ұзынағаш ауылының тұрғынын, ұрланған көлікті іздеп жүрген тәртіп сақшылары байқайды. Бірақ, тоқта деген заңды талапқа бағынудың орнына, күдікті жылдамдықты қосып, бой тасаламақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мына кадрларда Қарасай аудандық полиция қызметкерлерінің тәртіп бұзушыны қуып келе жатқан сәтін көруге болады. 

Қашқынды құрықтау үшін, полицейлер керемет тәсіл қолданып, күдіктінің көлігін бетон шарбаққа тіреген. Содан соң аспанға оқ атып, шық деп бұйырады. Заң бұзушы болса, көліктің есігін құлттап алыпты. Нәтижеде, патруль жасағының қызметкерлері Камридің терезесін шағып, күдіктіні қолға түсіреді. Соңғысы адам өлтіру, зорлау, тонау, алаяқтық және ұрлық үшін жазасын өтеген әккі қылмыскер болып шықты. Ұсталғанға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.