Шахтадағы өрт: тағы бір қызметкер өлі табылды

18.08.2023 14:41

Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған

ашық дереккөзден

«Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан» шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. Жұмыстар әзірленген іс-шараларға сәйкес жүргізілді. Сағат 8:15-те тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір оны тапсыру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша төрт бөлімше жұмыс істеп жатыр. Тағы үш бөлімше қалған жұмысшыларды іздестіруде», - деді «АрселорМиттал Теміртау» тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Бұған дейін құтқарушылар бір кеншінің денесін тапқан болатын.

Еске салайық, өрт 17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді.

Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған. Бұған дейін 222 адамның жер бетіне шығарылғаны хабарланды. Бір адам қайтыс болды. Тағы 3 жұмысшы іздестіріліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: «Карьер қазылмасын»: ауыл тұрғындары наразылық білдірді