Ұшақ Куала-Лумпурдегі Сұлтан Абдульазиз әуежайына бағыт алған
Малайзияда жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әуе кемесі Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Шам Алам қаласының маңында апатқа ұшыраған.
Салдарынан 6 жолаушымен 2 экипаж мүшесі, сонымен қатар ұшақ құлаған елдімекеннің 2 тұрғыны қаза тапты.
Ақпаратты Малайзияның азаматтық авиация басқармасы растады.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:08-де болған. Ұшақ Куала-Лумпурдегі Сұлтан Абдульазиз әуежайына бағыт алған.