Алматыда дәмхана өртеніп жатыр (видео)

22.08.2019 14:41

Өрт бүгін таңертең тұтанған

Алматыда ғимарат жанып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша бұл дәмхана, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Өрт бүгін таңертең тұтанған. Куәгерлердің айтуыша, ауданда ыстың иісі қатты шығып тұр, қара түтін алыстан көрінеді. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. 

"Манхэттен" тұрғын үй кешенінің жанында жер үй және дәмхана өртеніп жатыр", - делінген видео хабарламада.



Теги: кафе жалын