|
27.02.2023 | 09:42
485

Алматы облысында такси жүргізушісі төрт бала мен екі әйелді жолға тастап кеткен

Олар қарлы боранда жолда қалған

Алматы облысында такси жүргізушісі төрт бала мен екі әйелді жолға тастап кеткен Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысында такси жүргізушісі төрт бала мен екі әйелді жолға тастап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

26 ақпанда Қонаев қаласының құтқарушылары Қонаев-Бақанас тасжолында іздестіру-құтқару жұмыстарынан қайтып келе жатқанда Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі тоқтатқан.

Ол Малайсары асуындағы Бақанас ауылына келе жатып, жаңбыр мен қар астында жолда тұрған 2009, 2012, 2020 және 2021 жылы туған төрт бала мен 1984 және 1991 жылы туған екі әйелді көріп, көлігіне отырғызып алған.

Оларды басқа такси жүргізушісі діттеген жеріне жеткізбей, қолайсыз ауа райында жолға қалдырып кеткен.

Құтқарушылар арнайы көлікпен балалар мен әйелдерді алып, жатын орын және тамақпен қамтамасыз еткен. Таңертең олар үйлеріне аман-есен жетті.

Такси жүргізушісі неге әйелдерді балаларымен өткелге түсіріп кеткені айтылмайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир