Зілзаланың энергетикалық класы 9.3
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 5 наурызда Алматы уақытымен сағат 02:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық класы 9.3.
MPV магнитудасы 3.7.
Эпицентрдің бағыты 42.07° с. е.80.77° ш. б.
Тереңдігі 20 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, кеше тағы бір жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:47-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.