Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып, көз жұмды

Иллюстративное фото: desiringgod.org
Иллюстративное фото: desiringgod.org
Екі адамға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды. Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.


«Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді ведомстводан


Новости партнеров