|
22.07.2019 | 09:43
5799

Шымкентте үш жасар қыздың денесі табылды

Әйелдің айтуынша, қыз баланың іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен

Шымкентте үш жасар қыздың денесі табылды

Шымкентте ескі гараждардың бірінен үш жасар қыздың денесі табылды. Полиция болған оқиғаны растады, деп хабарлайды «Отырар» басылымы.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, отбасының жақын туысы күндіз сағат 15.00 кезінде қыздың үйіне барады. Сол кеткен соң қызының жоқтығын байқаған әйел уайымдап, сәбиді іздеуге шыққан. Алайда екі сағаттай іздеп таппаған соң, учаскелік полицейдің көмегіне жүгінеді. Әйел мен полиция қызметкері қараусыз қалған гараждардың бірінен баланың жансыз денесін тауып алыпты.

Әйелдің айтуынша, қыз баланың іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен екен. Оқиға орнына келген криминалистер қыздың денесін сараптамаға жіберді.

Айта кетейік, кішкентай қыз шешесімен бірге жатақханада тұрған. Жан түршігерлік оқиға жатақханадан шамамен 500 метр жеріде болған деген болжам бар. 

Әзірше полиция ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир