Түркістан облысында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Отырар сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 2 сәуірде Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылында болған. Кешкі уақытта ауданы 255 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үй толығымен жанып кетті.
Өрттің салдарынан бірінші қабаттың 60 шаршы метр төбесі опырылып түсті.
Өрт орнынан 2007 және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің мәйіті табылды.
Анықталғандай, өрт кезінде үйде балалардан басқа алты ересек адам болған. Олар шығып үлгерген. Екі жасөспірім қыз ас үйде қалып қойған.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына газ баллонындағы ақау себеп болды.
Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.