Алматыда аялдамада болған жол апаты: жүргізуші қамауға алынды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Екі әйелдің қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі қалалық прокуратура бақылауына алды, іс жүргізетін прокурор тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аялдамадағы адамдарды қаққан мас жүргізушінің көлік жүргізуге рұқсаты болмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оны тәртіп сақшылары осыдан бір жыл бұрын ішімдік ішіп, рөлге отырғаны үшін құжатынан айырған екен. Тіпті, темір тұлпар тізгіндеуіне 3 жылға дейін тыйым салыныпты. Бірақ соған қарамастан, ащы суға құмары қайтпаған күдікті көлікке отырып, жазықсыз жандарды опат қылды. Қазір бұл істі қалалық прокуратура қатаң бақылауға алып, процессуалдық прокурор тағайындады. Ал күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік жол апаты сенбі күні болған еді. Араққа сылқия тойып алған 31 жастағы азамат аялдамада автобус тосып тұрған жолаушыларды қағады. Соққы салдарынан екі әйел тілге келмей жан тапсырған. Ал зардап шеккен үшінші адам қазір ауруxанада жатыр. Оның да аяқтары сынып, миы шайқалған.


Новости партнеров