«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да газ құбыры опырылып түсті

18.01.2023 14:46

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген

АМТ баспасөз қызметі

«АрселорМиттал Теміртауда» газ құбыры опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, яғни 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да болған.

«Тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 метр болатын аумақ зақымдалды», - делінген хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі кезде төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Теги: газ жоқ