|
24.06.2022 | 09:46
866

Павлодарда балаларды құтқармақшы болған екі ер адам суға батып кетті

Құтқарушы-сүңгуірлер екі ер адамды іздеуге сағат 19:00-де шығып, 39 минуттан кейін ерлердің денесін судан алып шыққан

Павлодарда балаларды құтқармақшы болған екі ер адам суға батып кетті Photo: Aqmolanews.kz

23 маусымда Павлодар облысында балаларды құтқармақшы болған екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«23 маусым сағат 15:52-де Павлодар облысы ТЖД «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 2008 жылы туылған қыз бала мен 2013 жылы туылған ұл баланы құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 ж.т. және 1986 ж.т. ер адам суға батып кетті»,- делінген Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметінде.

Балалар оқиға орнынан жедел медициналық жәрдеммен Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты.

Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері сүңгуір жабдығымен екі ер адамды іздеуге сағат 19:00-де шығып, 39 минуттан кейін ерлердің денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушысы, 1 техника бірлігі және 1 жүзу құралы, «102», «103» қызметтері жұмыс атқарған.

Павлодар облысының ТЖД азаматтарға жабдықталмаған жерлерде шомылмауға кеңес береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир