Әйелін өлтірген азамат полицейді жаралап, өзіне қол салды

22.01.2019 14:46

Ресейде ер адам әйелін өлтіргені үшін іздеуге түсті. Ол полицейді жаралап, кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазды stan.kz.

Бұл туралы 21 қаңтарда белгілі болды. Ер адамның 41 жастағы әйелі жол бойында, басы мен кеуде жарақатымен өлі күйінде табылған. Оқиға Вологод ауданында болған.

Полицейлер күдіктінің көлігін оқиға орнынан 20 шақырым жерден тапқан. Полицейді көрген күдікті қаруын алып, оқ атқан. Патруль полициясы жараланып, ауыр күйде ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, оқиғадан соң ер адам өзіне қол салған.

Тінту кезінде ер адамның тұратын жерінен әйелдің қан киімдері табылды. Көлігінің жүксалғышында да қан іздері болған.

Тергеуге сәйкес, адам өлімі үйінде болған. Осыдан соң ер адам мәйітті көлігіне салып, жол бойына тастап кетеді. Адам өлімі бойынша іс қозғалды.