Павлодарда кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды

25.07.2019 14:47

Адамдар кәрізден жағымсыз иіс тараған кезде ғана оған назар аударған

Павлодарда кәріз құдықтарының бірінен шала туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды nur.kz.

Басылымның мәліметінше, адамдар кәрізден жағымсыз иіс тараған кезде ғана оған назар аударған.

Өңірлік полицияның хабарлауынша, сәби шала күйінде дүниеге келген және шүберекке оралған.

Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатысты «түсіктің заңсыз өндірісі» факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ полиция нәрестеге қанша апта болғанын анықтауға қажетті бірқатар сараптама тағайындалғанын және бақылау камералары тексерілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлі жүктілігі бойынша есепте тұрған барлық әйел адамдар жайлы деректерді тексермек.