Баландин әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

25.07.2019 15:23

Спортшы жалпы есеп бойынша 11-ші орынға тұрақтады

Бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Баландин аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жалпы есепте 11-ші орынға тұрақтады. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) түйіндеді.

Айта кетелік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылай финал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.