Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
22 қазанда сағат 15:00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.
"Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10