Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) кәсіби рингте сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Мехико қаласында (Мексика) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, онда жергілікті боксшы Лучано Араухомен (6-5-3, 3 КО) кездесті. Жекпе-жек супер орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жекте Нұрмағанбет екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін де абыроймен аяқтады, ал Лучано Араухо мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.
Нұрмағанбет өткен жылы WBA International тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы титулды жеңіп алғанын болатын. 24 жастағы қазақстандық кәсіби деңгейде 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!