Атырау обылысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

21.08.2020 14:49

Қазіргі болжам бойынша, апат тепловоз машинисінің ұйықтап қалуынан болуы мүмкін

inform.kz

Атырау облысының Индер ауданында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 20 тамызда сағат 05:00 шамасында болған. 

«Индер-Теміржолы» ЖШС директорының орынбасары Берік Ишанғалиевтың ақпаратына қарағанда, Мақат стансасынан 16 жүк вагонын тіркеген тепловоз жолға шыққан. Үш вагонға жүк тиелген. 

Қазіргі болжам бойынша, апат тепловоз машинисінің ұйықтап қалуынан болуы мүмкін. Алайда, машинист зардап шекпеген. Қазір аталған оқиғаға орай тексеру жүріп жатыр.