Алматы облысында адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды

Фото: Табылды Кадырбеков
Фото: Табылды Кадырбеков
Оқиғаны тексеру барысында мәлім болғаны, қайғылы жәйт ағымдағы жылдың 11 шілдесінде сағат 13:30 шамасында Қарасай ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жүргізуші адам қағып, оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері аз уақытта жасырынған жүргізушіні анықтап, ұстады. 

Оқиғаны тексеру барысында мәлім болғаны, қайғылы жәйт ағымдағы жылдың 11 шілдесінде сағат 13:30 шамасында Қарасай ауданында болған. Полицияға Долан ауылының шетінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. 

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ол ақпаратты растады, бірақ жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматты таба алмады. Себебі бой тасалаған автокөліктің маркасы да, нөмірі де белгісіз. Қайтыс болған адамның кім екені анықталғаннан кейін, оның 58 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және қайғылы оқиғаның сағат 04:30-дар шамасында болғандығы анықталды. Туысқандарының айтуы бойынша, ол таңертең Алматы қаласына жұмысқа шыққан»,  деді Алматы облысы Полиция департаменті жедел іздеу тобының инспекторы полиция майоры Алдияр Тайбеков. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданынан «Mersedes-Benz 190» маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол бастапқыда машинаның тұрған жерін жасырып, оны көрсетуден бас тартқан, алайда ұсынылған бұлтартпас дәлелдерден кейін көлік құралының тұрған жерін көрсетуге мәжбүр болған. 

«Ол көліктің оқиға кезінде зақымданған жерлерін жөндеп үлгергені анықталды. Сол күні ол таңертең ерте «Алтын Орда» базарына жұмысқа бара жатқан. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен соң қорыққанынан оқиға орнынан бой тасалаған», – деп толықтырды майор Тайбеков. 

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі, 346-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергелуде.

Новости партнеров