Тағы 3 адам жарақат алды
Қызылорда облысында жол апатынан бес адам мерт болды. Жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында "ГАЗель" және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.