Павлодарда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден баланы құтқарды

01.02.2024 19:06

үтіннен тұншыққан 11 жастағы қыз үйде жалғыз қалған

Almaty.tv

Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми ақпарға сүйенсек, апатқа 7-қабаттағы пәтерлердің біріндегі балконның отқа орануы себеп болған. Түтіннен тұншыққан 11 жастағы қыз үйде жалғыз қалған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер баланы баспалдақ арқылы құтқарған. Қазір жеткіншек ем алуда.

Айта кетейік, қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Балконда үй заттары, жиһаз бен қағаздар өртенген.

– Пәтер іші қою түтінге оранған, ішке кіру қиындық туғызды. Оқиға орнына жұмылдырылған 10 техника, 35 қызметкер адам өлімінің алдын алды. Шұғыл түрде үйден баспалдақ арқылы 13 адамды оның ішінде 4 баланы эвакуацияладық, – деді өрт сөндіру қызметінің кезекшісі Бауыржан Жанғозин.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қордан балаларға берілетін төлем: БЖЗҚ қандай мәлімдеме жасады