Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

stan.kz
stan.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты. Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 2020 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында өзінің танысына Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Новости партнеров