Қостанай облысында жылу торабы құдығынан өрт шығып, бір адам қаза тапты
ibtimes.com
Оқиға орнынан денесін күйік шалған 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысы Рудный қаласында жылу торабы құдығында өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
15 қаңтар күні сағат 20:48-де өрт сөндіру қызметіне Рудный қаласы Строительный көшесінің бойындағы жылу өтетін жолдың жылу торабы құдығында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер келген кезде құдықтан қою түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер өрт сөндіруге кірісіп, сағат 21:15-те тілсіз жауды ауыздықтады. Оқиға орнынан денесін күйік шалған 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шықты. Жалынды сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 2 техника тартылды. Өрт отты дұрыс қолданбау салдарынан (темекі шегу) шыққан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34