Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық ПД хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 ақпанда кешкі сағат 21:40 шамасында республикалық маңызы бар Петропавл – Есіл тасжолының бойында болған.
«Қызылжар ауданында «Лада Приора» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысып, соның салдарынан «Лада» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: 16 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді