Алматыда полицейлер көшеде адасып кеткен зейнеткерді тапты

Алматыда полицейлер көшеде адасып кеткен зейнеткерді тапты
Зейнеткердіің балалары оны өз бетімен іздеуге тырысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

75 жастағы әйел күрделі аурумен ауырады, соның салдарынан қалада адасып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткердіің балалары оны өз бетімен іздеуге тырысқан.

«Буран-268» патрульдік экипажы сеніп тапсырылған аймақты күзетіп жатқан кезде бізді жас әйел тоқтатып, бірнеше минут бұрын жеке үйдің ауласынан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен қарт ана туралы хабарлады. Қызы анасының диагнозын да айтты. Сипатталған белгілерге сәйкес, біз бұл әйелді көргенімізді бірден есімізге түсірдік. Ол үйінің жанындағы жолды кесіп өтіп бара жатқан. Біз бірден бұрылып, әжейді іздей бастадық. Бірнеше минуттан кейін оны тауып, үйіне алып келдік. Шыны керек, серіктесім, полицей Самат Бағашаров екеуміз әлеуметтік желілерде ризашылық білдірген қызының мұндай реакциясын күтпедік. Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Ең бастысы, мұны абыроймен және адал атқару», – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы Дәулет Құдайбергенов.

Новости партнеров