|
30.08.2022 | 09:56
5513

Дәрігерлер құтқара алмады: Қарағандыда әскери қызметші көз жұмды

Қазір осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды

Дәрігерлер құтқара алмады: Қарағандыда әскери қызметші көз жұмды Иллюстративное фото:facebook.com/nationalguardkz

28 тамызда Қарағандыдағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Патриоты Караганды» парақшасында жазылды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің  52 859 әскери бөлімінде болған.

«Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған, одан кейін тіршілік белгісі байқалмады. Жүрегі кенеттен тоқтаған. Медициналық бекет дәрігерлері оған дереу көмек көрсетті, жедел жәрдем қызметін шақырды. Алайда оны құтқара алмады… Қайтыс болған сарбаз 24 жаста болатын», – деп жазылған хабарламада.

Болжам бойынша, сарбаз өліміне панкреонекроз себеп болуы мүмкін.

«Әскери қызметшінің аты – Елсұлтан. Ол денсаулығына шағымданған емес. Жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрды. Бұл – міндетті нәрсе. Биыл 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні оның көңіл күйі жақсы болды, практикалық сабақтарға қатысты. Өз ісінің кәсіпқой маманы еді, қызметте жоғарылату жоспары бар болатын», – деді әскери бөлімнің командирі Жанат Омаров.

Қазір осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир