|
12.05.2020 | 09:56
1734

Өзенге ағып кеткен үш жасар баланы бейтаныс адам құтқарып қалды

Қазір Ниса есімді кішкентайдың денсаулығы қалыпты

Өзенге ағып кеткен үш жасар баланы бейтаныс адам құтқарып қалды Ашық дереккөз

Алматы облысындағы Текелі қаласында 3 жасар бала ағысы қатты өзенге құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны өзен жағасында отырған азаматтардың бірі құтқарып алды. Ағысы қатты Қора өзенінде ағып бара жатқан кішкентай баланы көрген бейтаныс адам бірден көмекке ұмтылған. Ол өзенге ойланбастан секіріп, ағыспен арпалысқан баланы құтқарып алды. Текелі қаласының әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 жастағы бала өзенге байқаусызда құлап кеткен. Қазір Ниса есімді кішкентайдың денсаулығы қалыпты.

«Ағысы қатты Қора өзенінен сәбиді Дәурен Жарқынбеков атты азамат құтқарып қалды. Ерлік - білекте емес, жүректе дегендей су жағасында досымен отырған Дәурен ағып бара жатқан сәбиді көргенде, ойланбастан өзенге секіріп түсіп, 3 жасар Нисаны жағаға алып шыққан. 2001 жылғы Дәуреннің әрекеті үлкен ерлік. Ол бейбіт күннің батыры. Балаға - жаңа ғұмыр, ата-анаға - қуаныш сыйлаған Дәуреннің ерлігі - баршаға үлгі. Елі мақтанар еріміз аман болсын», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир