Алматыда 2 көліктің астында қалған ер адам қайтыс болды

02.05.2019 14:57

Қазіргі таңда полиция оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр

Алматыда ер адам екі бірдей көліктің астынада қалып, қайтыс болды, деп жазады Sputniknews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам күтпеген жерден жолға шыға келгенде Mitsubishi Delica көлігі тоқтай алмай, басып кеткен. Кейін ол жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lexus көлігінің астына түскен.

Ауыр жарақат алған 1979 жылғы ер адам ауруханаға қайтыс болды.

Қазіргі таңда полиция оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.