Үйден шығып, қайта оралмаған: Ақтауда жасөспірім қызға іздеу жарияланды

06.04.2022 14:57
Фото: туысқандары мұрағатынан

Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің туыстары қыз 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты.

Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.

Полиция мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына "102" телефоны арқылы хабарласуға болады.

Теги: қыз