Петропавлда үстіне үй қабырғасы құлаған ер адам қаза болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға 23 сәуірде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда жеке үйді бұзу кезінде ер адамды қабырға басып қалып, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 23 сәуірде болған. Ер адамның үстіне бұзылып жатқан қабырға құлаған.

"23 сәуірде сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қаза болды", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Оқи отырыңыз: Атырауда есірткі сатқан 3 шетелдік 10 жылға сотталды

Новости партнеров