Алматыдан 110 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

27.07.2021 14:59

MPV магнитудасы – 3.6

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 шілде күні Алматыдан шығысқа қарай 110 шақырым қашықтықта Алматы уақыты бойынша 7 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 110 шақырым қашықтықта, Қазақстан шекарасында орналасқан. 

Энергетикалық санаты – 8.3. MPV магнитудасы – 3.6. 

Координаттары: 43.01° с.е. 78.24° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.